Жаңалықтар

Өзбекстан Португалиямен ойнайды: ӘЧ-2026 жеребеcі тартылды

Футболдан әлем чемпионаты жеребе тарту рәсімі

Америка астанасын Вашингтонда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет қатысқалы отырған ӘЧ турнирінде қиын қарсыластармен бір топқа түсті.

Жеребе қорытындысы бойынша Өзбекстан К тобына орналастырылды. Бұл топтағы қарсыластары:

Португалия – әлемнің ең мықты құрамаларының бірі, Еуропа чемпиондары және футбол аңызы Криштиану Роналду ойнайтын құрама. Сондай-ақ, Колумбия – Латын Америкасының қарымды командасымен кездеседі. Ал үшінші команда құрлықаралық іріктеу матчтардан кейін анықталады. Бұл топтағы орын үшін таластатын құрамалар арасында Жаңа Каледония, Ямайка және Конго бар.

2026 жылғы әлем чемпионаты бірінші рет 48 команданың қатысуымен өтеді және үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады.

ӘЧ-2026 жеребесінің толық нәтижелері

A тобы

  • Мексика
  • Оңтүстік Африка
  • Оңтүстік Корея

B тобы

  • Канада
  • Катар
  • Швейцария

C тобы

  • Бразилия
  • Марокко
  • Гаити
  • Шотландия

D тобы

  • АҚШ
  • Парагвай
  • Австралия
  • Косово

E тобы

  • Германия
  • Кюрасао
  • Кот-д’Ивуар
  • Эквадор

F тобы

  • Нидерланды
  • Жапония
  • Албания
  • Тунис

G тобы

  • Бельгия
  • Мысыр
  • Иран
  • Жаңа Зеландия

H тобы

  • Испания
  • Кабо-Верде
  • Сауд Арабиясы
  • Уругвай

I тобы

  • Франция
  • Сенегал
  • Норвегия

J тобы

  • Аргентина
  • Алжир
  • Аустрия
  • Иордания

K тобы

  • Португалия
  • Өзбекстан
  • Колумбия

L тобы

  • Англия
  • Хорватия
  • Гана
  • Панама

Кейбір топтардың қалған төртінші командалары Еуропа іріктеуінің плей-офф кезеңінен және құрлықаралық матчтардан кейін қосылады. Жолдамалар 2026 жылдың наурызында анықталады.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына шықты.