
Тоқаев үкімет пен кәсіпкерлерге қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашуды тапсырды. Ол шағын бизнесті қолдау бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы керек.
«Ауыл-аймақтардан осындай ақылға қонымды өтініштер мен ұсыныстар жиі түседі. Мәселен, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастаманы айтуға болады. Неге екенін қайдам, қанша жыл өтсе де осы шаруаны Үкімет те, бизнес те қолға алмаған. Әйтсе де шағын және бизнес бұл кәсіппен айналысуға ниетті», – деді ол Астанада өткен жиында.
Тоқаевтың сөзінше, жергілікті өнім мен заманауи технологияға басымдық беру айтарлықтай нәтиже береді. Мысал ретінде ол Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және «Атамекен» ұлттық палатасының қолдауымен жүзеге асқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасын атап өтті.
«Үкімет ортақ жауапкершілік қағидатына сай мемлекет пен бизнестің тиімді қарым-қатынас жасауына жан-жақты ықпал етуі керек. Бұл ауылдар мен шағын қалалардың дамуына тың серпін береді», – деді президент.
Бүгін Астанада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өті. Тоқаев қайырымдылыққа көп ақша жұмсайтын кәсіпкерлер үшін «Мейірім» орденін тағайындады