«Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына өтті

Жарияланды 5 Желтоқсан 2025 23:16

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
«Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына өтті / Фото: Қайрат клубы

Алматылық «Қайрат» бельгиялық «Андерлехтті» екі матчта ада еш қиындықсыз жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына өтті.

Бельгиядағы алғашқы ойын «Қайраттың» 7:4 есебімен жеңген еді. Ал Алматыда өткен бүгінгі ойында 7 гол, 2 пенальти болды.

Алматылықтар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бельгиядан келген қарсыластарын 5:3 есебімен сенімді түрде жеңді. «Қайрат» капитаны Біржан Оразов дубль жасады. Өзге голды Джахангир Рашит, Джоау Пауло және Атирсон Сильва соқты.

Ал бельгиялықтардан Эду, Грелло және Дильенмен «Қайрат» қақпасына гол соқты.

Келесі ойында «Қайрат» испандық «Картахенамен» ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз