Қар жауып, күн суытады: демалысқа арналған ауа райы болжамы

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнде Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы қалай құбылатынын болжады. Демалыста елде күн суытып, қар жаууы мүмкін.

Астанада:

6 желтоқсан – күн бұлтты, кей уақытта аздаған қар, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°, күндіз –0…–2°.

7 желтоқсан – күн бұлтты, кей уақытта қар, боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде –3…–5°, күндіз –0…–2°.

8 желтоқсан – бұлтты, кей уақытта қар, боран, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –3…–5°.

Алматыда:

6 желтоқсан – күн бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел батыстан шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°, күндіз +6…+8°.

7 желтоқсан – бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде –0…–2°, күндіз +6…+8°.

8 желтоқсан – күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Температура түнде –0…–2°, күндіз +3…+5°.

Осыған дейін синоптиктер 6-10 желтоқсан аралығында ауа райы құбылмалы болады деп болжаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз