Lifestyle

«Құдай салмасын»: блогер Ерсін Есенаман Динара Сәтжанмен бірге видео түсірді

фото: скрин

Әлеуметтік желіде «Құдай салмасын» деген сөз тіркесімен танылған қарапайым блогер Ерсін Есенаман тағы да жұрттың назарын өзіне аудартты. Бұл жолы танымал журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжанмен бірге видео түсіріп, желіде жариялады.

Бұрын үй жағдайында түсірген қарапайым роликтерімен танылған Ерсіннің ірі жобаларға және түрлі шараларға шақырыла бастауы көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Желі қолданушылары оның танымал жұлдыздармен бірге контент жасағанына қуанып, қолдау пікірлерін жаудырды.

«Ал керек болса» деп жаңа видеоны желіге жүктеген Ерсіннің Динара Сәтжанмен билеген сәті TikTok-та тез таралып, трендке еніп үлгерді. Көпшілік оның қарапайымдылығын, ашықтығын және еңбегімен танылғанын атап өтті.

Желі қолданушылары: «Осындай балалардың жолы ашылсын. Қарапайымдылығымен жүректерді жаулап алды», – деп пікір қалдырған.