
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «Жабай ата» шаруа қожалығы тропикалық белдеуде ғана өсетін жемісті жерсіндіріп, 200 тонна лимон жинады. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Қожалықта осыдан 3 жыл бұрын егілген лимон ағаштары бүгінде жайқалып өсіп, жеміс беріп тұр. Шаруаның айтуынша, жерді тұздан айырып, жәндіктерден тазарту үшін алғашқыда қияр-қызанақ секілді өнімдер екен.
«Қазір шаруашылықтағы 12 гектар жердегі лимон ағаштары жеміс беріп тұр. Әр гектарға 800 түп ағаш егілген», – деп таратты Түркістан облысы әкімдігі.
Лимон ағаштары 30-40 жылға дейін өнім береді.
Шаруа лимон көшеттерін көршілес Өзбекстаннан әкелген. Жеміс ағаштарынан биылдың өзінде 200 тонна, ал алдағы уақытта 1 гектардан 40-50 тоннаға дейін лимон жинауды жоспарлап отыр.
Қазақстанда шығарылған өнім негізінен ішкі нарықта сатылып жатыр. Қазір жылыжайда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қазақстан цитрус өнімдерін шетелден сатып алып отыр. 2025 жылғы үш тоқсанда елге 100 мың тоннадан астам мандарин, лимон, апельсин жеткізілген. Қазақстан ол үшін шаммаен 50 млн доллар төлеген.