Тоқаев шағын кәсіп туралы: «Шешілмеген мәселе көп екенін ашық мойындаймыз»

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
шағын және орта кәсіп бюрократия
фото: shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті дамытуда шешілмеген мәселе көп екенін ашық түрде мойындады. Сол себепті мемлекет басшысы оларды жеке бақылауына алды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаевтың айтуынша, үкімет кедергілерді жою үшін нақты шаралар қолданып жатыр, бірақ мәселе әлі де көп.

«Дегенмен әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер мен түйткілдер аз емес, оны біз ашық түрде мойындаймыз», – деді президент Астанада кәсіпкерлерді марапаттау рәсімінде.

Ақорда таратқан ақпаратқа қарағанда, мемлекет басшысы ең түйткіл мәселелерді жеке бақылауына алған.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беріп отырмын, негізгі мәселенің бәрі де менің жеке бақылауымда», – дейді ол.

Президент қосылған құн жоғары сапалы өнім өндіретін шағын бизнеске барынша жағдай жасалуы қажет деп есептейді.

Астана қаласында өткен осы жиында Тоқаев қайырымды кәсіпкер үшін «Мейрім» орденін тағайындаған.

Сондай-ақ оқыңыз