
«Қазгидромет» 7 желтоқсанға арналған дауылды ескертулерді елдің бірнеше облысына таратты.
Синоптиктер мұны атмосфералық фронттардың өтуімен байланыстырады. Олардың мәліметінше, ел аумағына жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі мен бұрқасын күтілуде. Әсіресе солтүстік пен шығыста ауа райы күрт нашарлайды.
Дауылды ескерту жарияланған өңірлер
Атырау, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында ескерту күшінде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, қар, бұрқасын болып, аяз түседі.
Тұман түсетін аймақтар:
- Атырау облысы – солтүстік бөлігі;
- Қостанай облысы – батыс, шығыс және оңтүстік аудандары;
- Қызылорда облысы – солтүстік, оңтүстік және орталық аумақтары;
- Жетісу облысы – тау және тау бөктері;
- ШҚО – солтүстік, оңтүстік және орталық;
- Абай облысы – батыс, оңтүстік және орталық;
- Қарағанды облысы – солтүстік, шығыс және оңтүстік;
- Ұлытау облысы – солтүстік, шығыс және орталық.
Кейбір өңірде көктайғақ болады:
- Қостанай облысы – күндіз қар мен жаяу бұрқасынмен бірге.
- Қызылорда облысы – түнде оңтүстікте, күндіз батыста.
- Ақтөбе облысы – күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерде.
- СҚО – Петропавлда (түнде және күндіз).
- ШҚО – батыс, солтүстік, шығыс бөліктерде.
- Абай облысы – солтүстік, шығыс, орталық.
- Қарағанды және Ұлытау облыстары – аймақтың басым бөлігінде.
Қар және бұрқасын
- Қостанай облысы – күндіз қар және бұрқасын.
- СҚО – түнде аздаған қар, күндіз бұрқасын және жауын-шашынның күшеюі.
- ШҚО, Абай облысы – қар және бұрқасын.
- Қарағанды облысы – 9 желтоқсанда қар күшейіп, айтарлықтай суытады.
Желдің күшеюі
- Жетісу облысы, Алакөл маңы – 15-20 м/с.
- Ұлытау облысында 9 желтоқсанда жел күшейеді.
- Қарағанды облысының батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде 9 желтоқсан күні желдің соғуы 20 м/с дейін жетеді.
Сондай-ақ ең қатты аяз Ұлытау және Қарағанды облыстарында байқалады. Ауа райы -15..-20 °C-қа дейін төмендейді.