Депутаттар әскерге барғысы келмейтін жастарға дрон басқаруды үйретуді ұсынды

Депутат Серік Ерубаев әскери қызметке жарамды жас жігіттердің жартысынан азы ғана шақырылатынын, бірақ олардың айтарлықтай бөлігі компьютерлік ойындарға қызығушылық танытатынын мәлім етті.
«Ақ жол» демпартиясының Орталық офисінде бизнес және мемлекеттік органдармен бірге пилотсыз авиациялық жүйелерді дамыту мәселесі кеше тақыланған. Оған Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен технология жасайтын компаниялар қатысқан. Бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев телеграм-арнасында жазды.
«БАС құзыреттілік орталығы» ЖШС директоры Абзал Ерубаевтың айтуынша, қазір Қазақстанда 10 мыңнан астам дрон пайдаланылады. Ал тек 1000-ға жуық оператор сертификатталған оқудан өткен. Дрондарды, тіпті жеке мақсаттарда да кеңінен пайдалану авиация (төмен биіктік аймақтарында), электр желілері, өнеркәсіптік және тұрғын үй нысандары қауіпсіздігі үшін қатер төндіреді.
Жастар бұл салаға белсенді қызығушылық танытып отыр. Оқытуға деген сұраныс бар, бұл білім беру, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, мәдениет және спорт, цифрлық даму министрліктерінің және Ішкі істер министрліктері секілді тиісті ведомстволар тарапынан қаржыландырудың жетіспеушілігімен шектеледі.
Депутат Серік Ерубаев балама ретінде әскери қызметке жарамды жас жігіттердің жартысынан азы ғана шақырылатынын, бірақ олардың айтарлықтай бөлігі компьютерлік ойындарға қызығушылық танытатынын атап өтті. Осыған байланысты, ол әскери қызметке шақырылмағандар үшін бүгінде өндірістік процестерге пилотсыз технологияларды (тек ұшатын ғана емес) белсенді түрде енгізіп жатқан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жұмыс істеу үшін міндетті түрде дронды басқаруға оқытуды (өз есебінен) енгізуді ұсынып отыр.