Министрлік суицидтің алдын алудың жол картасын әзірлеп жатыр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі суицидтің алдын алудың екі жылдық жол картасын әзірлеп жатыр.

Тың құжат жайлы Үкімет басшысы Олжас Бектенов сенаторларға берген жауабында баян еткен. Сенаторлар оған қойған сауалында әскери қызметшілер арасындағы суицид жағдайларының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық бағдарламаны әзірлеу және бекіту мәселесін қарастыруды өтінген еді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы халқы арасында 2026–2028 жылдарға арналған суицидтің алдын алу жөніндегі жол картасы денсаулық сақтау министрлігімен әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтіп жатыр. Жол картасында Қазақстан халқы, соның ішінде әскери қызметшілер арасындағы суицидтік мінез-құлық деңгейін төмендетуге бағытталған жүйелі және ғылыми негізделген профилактикалық шараларды енгізу көзделген», – делінген жауапта.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бұған дейін әскерде сарбаз өлімін тоқтату үшін Қорғаныс министрлігі telegram-бот іске қосқанын хабарлаған еді. Жазықбаев әскерге барғандардың ол жердегі шектеулерден психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ оқыңыз