
Халықаралық бокс даңқ залына енген боксшы алғысын білдірді. Головкиннің боксқа келгеніне 35 жыл болған. ⠀
«Бокспен айналыса бастағаныма 35 жыл болды. Қиындықтарға толы ұзақ жолды жүріп өттім. Осы жылдар ішінде талай еңбектеніп, көп шешім қабылдап, қазіргі деңгейіме жету үшін маңызды қадам жасадым. Енді менің есімім әлемдік бокс тарихының бір бөлігіне айналды. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Осы жолда қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын», – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин (GGG) есімі 2026 жылы Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енгізілетін спортшылар тізіміне ресми түрде кірді. Сонымен қатар америкалық Антонио Тарвер мен британдық Найджел Бенн де даңқты боксшылар тізіміне қосылмақ. Бұл туралы RingMagazine хабарлаған еді.