Тоқаев Жапаровты туған күнімен құттықтады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары 21-22 тамызда өткен Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ақорда мәліметінше, Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз