Бенинде әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әскерилер ұлттық телеарнадан мәлімдеме жасап тұрған сәт / фото: әлеуметтік желі
Әскерилер ұлттық телеарнадан мәлімдеме жасап тұрған сәт / фото: әлеуметтік желі

Бенин армиясы республикада төңкеріс болғанын жариялады. Президент Патрис Талон қызметінен кетірілді.

Маш ақпаратын қарағанда, федералдық телевизияда қаруланған сегіз адам «Қайта жаңғырудың әскери комитетінің» құрылғанын мәлімдеді.

Олар конституцияның күшін жойып, саяси партиялардан бастап мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне дейін бәрін таратып жіберді. Шекаралар жабылды, ал кейбір азаматтарға сайлауға қатысуға тыйым салынды.

Әскерилер президент резиденциясына баса-көктеп кірмек болған, бірақ шабуыл тойтарылды.

Бенинде бірнеше әскери төңкеріс болған. Ең елеулісі, 1972 жылы билікке Матьё Кереку келген еді. Ол марксистік режим мен бірпартиялы жүйе орнатты.

Мұның алдында Арменияда «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген күдікпен 15 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз