Қазақстандық шенеуніктер енді шетелдегі активтерін жасыра алмайтын болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұл жүйе 26 елге шетелдегі жылжымайтын мүлік иелері туралы деректермен автоматты түрде алмасуға мүмкіндік береді / фото: KursivMedia мұрағаты
Бұл жүйе 26 елге шетелдегі жылжымайтын мүлік иелері туралы деректермен автоматты түрде алмасуға мүмкіндік береді / фото: KursivMedia мұрағаты

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жаһандық деректер алмасу жүйесін іске қоспақ. Енді шетелдегі активтерді жасару мүмкін емес.

Nation Business Kazakhstan ақпаратына қарағанда, ЭЫДҰ жаңа IPI MCAA жүйесін енгізетінін жариялады.

Шетелдегі жылжымайтын мүлік иелері туралы деректер

Бұл жүйе 26 елге шетелдегі жылжымайтын мүлік иелері туралы деректермен автоматты түрде алмасуға мүмкіндік береді. Жүйеде мүлік иелері, олардың құны, мәмілелер тарихы және жалдау табыстары туралы ақпарат болады.

Салық маманы Айдар Масатбаевтың айтуынша, бұл әлемдік салық ашықтығындағы ең үлкен олқылықтың орнын толтырады. Бұған дейін автоматты ақпарат алмасу тек банктік шоттар мен криптоактивтерге қатысты еді. Ал жылжымайтын мүлік «тыныш аймақ» болып келген.

 Не өзгереді?

Бұл жүйе енгізілсе, офшорлық жылжымайтын мүлікке иелік ету схемалары айқын болады. Меншік иелері мен мәмілелер туралы деректер автоматты түрде беріледі. Активтерді номиналды тұлғалар арқылы жасыру қаупі күрт өседі.

Айта кететін жайт, депутаттар елден шығарылған капиталды қайтару үшін салық амнистиясын өткізуді ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз