Ыстықкөлде жұбайын ұдайы соққыға жыққан ер адам ұсталды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында ұзақ уақыт бойы жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Kaktus.media хабарлауынша, ол – Ақ-Суу аймағының тұрғыны.
«25 қарашада 1992 жылы туған жергілікті тұрғын И. А. Ақ-Суу РІІБ-не жүгінген. Ол өзінің күйеуі, Қайырма-Арык ауылында тұратын 38 жастағы И. Э. ұзақ уақыт бойы оған физикалық және психологиялық зорлық көрсеткенін айтқан», – деп хабарлады милиция.
Тексеру барысында әйел күйеуінің еш себепсіз бірнеше рет ұрып-соғып, қорлағанын баяндады. 2025 жылдың наурыз айында ол кезекті ұрып-соғудан кейін аудандық ауруханаға жүгінген. Алайда балаларынан қауіптеніп, жарақаттарының шынайы себебін жасырған. Одан үш ай өткен соң ер адам тағы да оған қол көтеріп, тұншықтырмақ болған.
2025 жылдың жазында И. А. кетуге шешім қабылдап, балаларымен бірге ата-анасының үйіне көшіп кеткен. 20 қарашада ол сотқа ажырасу туралы өтініш берген. Алайда, оның айтуынша, И. Э. телефон арқылы қауіп төндіріп, қорлап, оның абыройына нұқсан келтіретін видеоматериалдарды таратуды жалғастырған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіде «денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірмейтін» жарақаттар анықталған.
Аталған деректер бойынша 5 желтоқсанда «тұрмыстық зорлық-зомбылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кететін жайт, Шымкентте әйелін ұрып, жағын сындырған еркек бір жылға сотталды.