«Бай болғыңыз келсе, күйеуіңіздің аяғын жуыңыз» – психолог-коуч (видео)

Әйелдер психологы және коуч Айзат ханым нәзік жандыларға қалай баюдың жолын көрсетті. Оның пікірінше, күйінің аяғын жуған әйел бай болады.
«Бай болғыңыз келсе, күйеуіңіздің аяғын жуыңыз. Ол кісі үйге кіре сала, тегене аласыз да, жылы су толтырып, жүгіріп барып, ол кісінің аяқтарын жуасыз. Жуып жатқанда, «біз бай болайық» деп ниеттенесіз. Сол сәтте күйеуіңіз өзін король ретінде сезініп, «мен бұл үйдің отағасымын» деп, өзіне жауапкершілік ала бастайды», – дейді психолог.
Оның пікірінше, мұндай құрмет ер адамның әйеліне деген ықыласы мен сезімін арттырады. Әйелі үшін қолынан келгенше сый жасауға итермелейді.
«Ол кісіні солай сыйлап жатқан әйелге «тағы не берсем болады?», «не сыйласам болады?», «қалай бұл кісіні бақытты қылсам екен?» деп, ішкі ниеті өзгеріп, сізге қарым-қатынасы жақсы болып, одан әрмен байи түсесіз», – дейді Айзат ханым.
Мұның алдында сенат депутаты психологтар мен коучтардың қызметін реттейтін заң қабылдауды ұсынған болатын.