Жаңалықтар

ByteDance-тің ЖИ смартфонын жұрт талап алып кетті

Бұл құрылғы әңгіме құрастырып, фотодан жаяу жүргіншілерді өшіре алады / Фото: South China Morning Post
Бұл құрылғы әңгіме құрастырып, фотодан жаяу жүргіншілерді өшіре алады / Фото: South China Morning Post

ByteDance әзірлеген жасанды интеллектке негізделген смартфон интернетте үлкен қызығушылық тудырды.

Scmp ақпаратына қарағанда, тұтынушылар агент-көмекшіні сынап көргісі келіп, құрылғыға жоғары сұраныс көрсеткен.

Жарияланған видеода көмекшінің сурет бойынша әңгіме құрастыра алатыны, фотодан жаяу жүргіншілерді өшіретіні, түрлі қосымшалардан ең төмен бағаны табатыны және пайдаланушы рұқсатымен сатып ала алатыны көрсетілді.

ByteDance дауыс арқылы жұмыс істейтін ЖИ көмекшісі орнатылған алғашқы смартфон алғашқы күні-ақ толық сатылып кетті. Бұл құрылғы ұялы телефонды пайдалану тәсілін өзгерте алатын гаджет ретінде ұсынылды.

Бағасы – 3499 юань. Шамамен 494 АҚШ доллары. Өндіріс көлемі сұранысқа қарай реттелмек.

Тапшылық салдарынан құрылғының бағасы қайталама нарықта күрт өсті. Alibaba-ға тиесілі Xianyu платформасында смартфон 4999 юаньға дейін сатылып, бастапқы бағадан 43% қымбаттады.

Айта кететін жайт, Samsung үш бүктелетін Galaxy Z TriFold смартфонын таныстырған еді.