Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болды

Жарияланды 8 Желтоқсан 2025 23:33

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Димаш Құдайберген салтанатты түрде БҰҰ-ның Ізгілік Елшісі болып тағайындалды
Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болды / Фото: DimashNews

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (ХКҰ) жаһандық ізгілік елшісі болды. Бұл туралы 8 желтоқсанда Женевадағы ХКҰ кеңесінің жыл сайынғы сессиясы кезінде хабарланды.

Әншінің ресми сайтында атап өткендей, тағайындау музыканттың ұйыммен ынтымақтастығының жалғасы болды. 2024 жылы Димаш аймақтық ізгілік елшісі мәртебесіне ие болды. Содан кейін гуманитарлық науқандарға белсенді қатысып, көші-қон, адам саудасы және осал топтардың мәселелеріне назар аударды. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің Қазақстанға сапары барысында әнші өнер арқылы гуманитарлық бастамаларды ілгерілету идеясын ұсынды.

8 желтоқсанда Кеңес отырысы кезінде Димаш Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің делегациялары үшін S.O.S d’unterrien endétresse композициясын орындады. ХКҰ Бас директоры Эми Папа әншінің гуманитарлық бастамаларға қосқан үлесін атап өтті.

«Димаш өз дауысын тек өнер үшін ғана емес, сонымен қатар, маңызды мәселелерді қозғау үшін қолданады», – деді ол.

Димаш жаңа рөлді үлкен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын мәлімдеді.

«Жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін алу – керемет құрмет. Мен инклюзивтілік, қауіпсіз көші-қон идеяларын ілгерілетуді және дағдарыс жағдайында ХКҰ қызметін қолдауды жалғастырамын», – деді ол.

Айта кетейік осыған дейін Димаштың Мысырдағы атақты пирамидалар кешенінің жанында ерекше концерт өткізгенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз