Енді Whatsapp-тағы хабарламаны да ресми келісім-шарт деп есептеуі мүмкін

Жарияланды 8 Желтоқсан 2025 15:13

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Енді WhatsApp хабарламаны келісім шарт деп есептейді
Енді Whatsapp-тағы хабарламаны да ресми келісім-шарт деп есептеуі мүмкін / фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтіп, айыппұлдарды көтермекші. Бұл жайлы инстаграмдағы тікелей эфирде депутат Мұрат Әбенов түсіндірді.

«Тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұлды көбейтеміз. Яғни сатушы тауар үшін ақшаны қайтарып және оның үстінен тағы айыппұл төлеуі керек. Бизнес сіздің мәселені шешуге мүдделі болатындай етіп жаздық. Мәселен, 1 млн теңгенің тауары үшін ақшаны қайтарады және үстінен 100 мың теңге айыппұл береді. Кәсіпкерге тұтынушының құқығын бұзу тиімсіз болуы керек», – деді ол.

Жобадағы тағы бір өзгеріс – whatsapp хабарламаларды құжат деп танитын болды.

«Қазір көпшілігінде онлайн келісім, бірақ адамдардың қолында ештеңе жоқ. Сондықтан WhatsApp-тағы кез келген әңгіме, видео, хат алмасу негізгі келісім-шарттың бір бөлігі болуын қадағаладық. Мәселен, біз барлығын мессенджерде талқыладық. Мен сатушыға ақшаны жіберім, ол маған үш жылға кепілдік беріледі деп жазса, оны келісім-шарт деп есептей беруге болады. Егер ол орындалмай қалса, сатушы «бізде ештеңе болған жоқ, ештеңеге қол қоймадым» деп айта алмайды», – деп атап өтті депутат.

Айта кетейік, бұл өзгерістер – тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасына енгізілген нормалар. Қазір құжат мәжіліс қарауында жатыр.

Осыған дейін Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті сатып алған тауарды қайтаруға болатынын еске салды. Егер тапсырыс кеш жеткізілсе, себебін түсіндірмесе тұтынушы екі апта ішінде тапсырып, ақшасын қайтара алады.


Сондай-ақ оқыңыз