Lifestyle

Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды

Еркебұлан Тоқтар
фото: instagram

Блогер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, марапаттың ресми куәлігі мен төсбелгісінің суретін жариялады.

Мемлекеттік награда Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығы негізінде табысталған. Куәлікте Еркебұлан Тоқтардың ел мәдениетінің дамуына сіңірген еңбегі ерекше атап өтілген.

Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар бұған дейін алты айға ММА-дан шеттетілген еді.