Астанада желтоқсан бойы зейнеткерлерге азық-түлік жеткізіледі

Астанада Тәуелсіздік күніне орай әр ауданда әртүрлі іс-шара өтеді. Оның ішінде концерт пен турнир, кездесу мен дәрістер бар.
Әкімдіктің хабарлауынша, 3-10 желтоқсан аралығында қалалық кітапханаларда «Қаламгер ұстаханасы» дәрістер циклі ұйымдастырылады. Желтоқсан бойы «Қамқорлық мекенжайлары» акциясы аясында зейнеткерлерге азық-түлік жеткізіледі.
9 желтоқсанда Достық үйінде діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел, сондай-ақ ардагерлер госпиталінде «Азат елдің айбыны» ашық сабағы жоспарланған.
10 желтоқсанда №111 келешек мектебінде оқушылар мен еңбек ардагерлері арасында кездесу өтеді. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» нарративі аясында есірткі жарнамасын анықтау және бояу акциясы өткізіледі.
11 желтоқсан сағат 11:00-де Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Тәуелсіздік – тұғырым, егемендік – елдігім» иллюстрациялық көрмесі, сондай-ақ мектеп және колледж оқушыларымен «Қазақстанның асқақ рәміздері» кездесуі ұйымдастырылады.
Астана қаласы ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының отырысы мен «Не? Қайда? Қашан?» – «Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы Quiz де дәл осы күні өтеді.
Ал «Байқоңыр» ауданы экономикалық-құқықтық колледжінде Тәуелсіздік күніне орай «Мен халқыммен мақтанамын» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылады. Мекенжайы: Әлмұқан Сембинов көшесі, 23.
Есіл ауданында 12 желтоқсанда «Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік» Quiz time ұйымдастырылады. Ал «Аспан» спорт кешенінде «Асық фестивалі» өтсе, Esil университетінде мерекелік концерт пен үздік студенттерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.
Әкімдік биыл базарлардың жас жұмысшылары арасында футбол, волейбол және теннистен жарыс ұйымдастырмақ.
12-14 желтоқсан аралығында «Теміржол» спорт кешенінде спорт ардагері Әбдіғапар Әбдірахмановты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік өтеді.
13-14 желтоқсанда «Дәулет» орталығында әуесқой теннис турнирі өтеді.
13 желтоқсанда Смағұл Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күніне байланысты мектеп оқушылар арасында шахмат турнирі өтеді.
13-15 желтоқсанда «Binom» мектебінде тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылады.
14 желтоқсанда «Толқын» спорт кешенінде байдарка мен каноэ есуден ОФП чемпионаты, «Ұлытау» спорт кешенінде Ауған соғысы ардагерлері арасында волейбол турнирі өткізіледі.
15-16 желтоқсанда «Archer» клубында жебе тартудан Астананың ашық кубогы және Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Сәйгүлік» қойылымы көрсетіледі.
15 желтоқсанда Есіл ауданында «Тәуелсіздік метакөрмесі» мен оның метаәлемдегі таныстырылымы, сондай-ақ «Тәуелсіздік – ұлт рухының бастауы» кітап көрмесі өтеді.
15 желтоқсанда этно-заманауи стильдегі шағын концерт ұйымдастырылады.
Айта кетейік, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қосымша бір күн демалады. Биыл 16 желтоқсан сейсенбіге түсіп тұр.
Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.