Кәсіпкерлер серіктестерінің құжатын онлайн тексере алады

Жарияланды 8 Желтоқсан 2025 12:13

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Кәсіпкер контрагенттерін онлайн тексере алады
Кәсіпкер контрагенттерін онлайн тексере алады / фото: ашық дереккөзден

Енді кәсіпкерлер контрагенттерін онлайн тексере алады. Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес үшін «Контрагенттер туралы мәліметтер» сервис әзірледі.

«Бұл сервис ашық өзекті деректерді алуға және өз контрагентін: салықтық режимі, ҚҚС бойынша тіркеу есебі, төленген салықтар көлемі, қызметкерлер саны, салықтық жүктеме коэффициенті, компанияның басшысы мен құрылтайшылары туралы мәліметтер, сондай-ақ ЭШФ бойынша шектеулердің немесе сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізудің болуы және т.б. мәліметтер негізінде бағалауға мүмкіндік береді», – деп жазылған комитет сайтында.

Яғни кәсіпкер өз серіктесінің қаншалықты салық төлейтінін, ҚҚС-ны қалай төлейтінін, бизнесіндегі қызметкерлері мен құрылтайшылары туралы барлық ақпаратты онлайн сервистен тексере алады. Ол үшін мемлекеттік кірістер комитетінің порталына кіріп https://portal.kgd.gov.kz, БСН/ЖСН енгізу керек.

Контрагент – кәсіпкердің серіктесі немесе сауда қатынасындағы қарсы тарап.


Сондай-ақ оқыңыз