Көптен көрінбей кеткен Сырым Исабаевтың жаңа әні хитке айналды

Жарияланды 8 Желтоқсан 2025 12:13

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Ұзақ уақыт бойы көпшілік назарынан тыс қалған әнші Сырым Исабаев тыңдармандарын жаңа әнімен қуантты. «Сол бір сезім» атты туындысы жарыққа шыққаннан кейін қысқа уақыт ішінде халық арасында танымалдыққа ие болды.

Ән небәрі 4 апта ішінде YouTube платформасында 1,8 млн астам қаралым жинап, хитке айналып үлгерді. Желі қолданушылары орындаушының сахнаға қайта оралуын жылы қабылдап, мыңдаған пікір жазып жатыр.

Пікірлердің ішінде:

«Барлығы Қайратқа ғашық болғанда мен үнсіз ғана Сырымға ғашық едім!», «Сандықтан бірге хитпен шыға келгені қалай кетті», «Сырым Исабаевтың қоңыр даусы керемет, қайта оралғанына өте қуаныштымын» деген жазбалар жиі кездеседі.

Оқырмандарға еске сала кетсек, бұған дейін Сырым Исабаевтың не себепті сахнамен қоштасуға мәжбүр болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз