Маңғыстаудағы перзентханада босанатындарға серіктес кіргізуге тыйым салынды
Жарияланды

Маңғыстау облысында перзентханада серіктеспен босануға уақытша тыйым салды. Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы осындай шешім қабылдаған.
Ведомство мәліметінше, бұған аймақтағы ЖРВИ өршуі себеп болған. Аталған шара босанушы әйелдер мен жаңа туған сәбилер арасында инфекция таралу қаупін төмендету үшін енгізілді.
«Шектеу уақытша сипатқа ие және эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қаралады», – деп хабарлады санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
Қарашадан бастап елде тұмау өршіп жатыр. Осыған байланысты Астана мектептерінде «таңғы фильтр» енгізілді.
Жалпы ел бойынша 250 мың бала онлайн оқуға жіберілді.