Миллиардер Кимнің қос кәсіпорны Қазақстандағы ең ірі компания атанды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстанда ең ірі жеке компаниялар тізімі шықты /Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Forbes Kazakhstan Қазақстанның ең ірі 75 жеке компаниясының жаңартылған рейтингін жариялады. Биыл тізім кеңейіп, бұрынғы топ-50 орнына топ-75 форматына өткен. Қазақстандағы ең бай үш адамның бірі – Владимир Кимнің қос компаниясы аталмыш тізім басында тұр.

Тізімге жаңа 9 компания енді

Компаниялар тізімінде айтарлықтай қозғалыс байқалды: 34 компания өткен жылмен салыстырғанда төмендесе, 21-і өз позициясын жақсартты. Сегіз компания өз орнында қалса, үш компания үзілістен кейін рейтингке қайта енген. Сондай-ақ, биыл тізімге тоғыз жаңа қатысушы қосылған.

Жаңа қатысушылар қатарында теміржол машина жасау өнімдерін шығаратын Railways Systems KZ, автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna, девелоперлік Mercury Properties және мұнайсервис бағытындағы Orbis Oilfield Services бар. Сонымен қатар, «Кайнар-АКБ», «Отау-Строй», «AVC Production», «Мелиоратор» және темір кенін өндіретін Bapy Mining де алғаш рет тізімге енді.

2024 жылы табысы ең жылдам өскен компания – Integra Construction KZ. Компания өзінің жылдық айналымын 118,44% арттырған. Одан кейін «АгромашХолдинг KZ» (101,17%) және Qazaq Bitum (96,28%) келеді.

Көшбасшы өзгермеген

Ірі компаниялар тізімін биыл да миллиардер Владимир Ким мен Олег Новачукке тиесілі KAZ Minerals бастап тұр. KAZ Minerals есепті кезеңде 1,810 трлн теңге түсім алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,32% жоғары. Таза пайдасы 48,6% өсіп, 604,27 млрд теңгегі құраған.

Ал екінші орында «Қазақмыс корпорациясы» келеді. 1,4 трлн теңге түсім алған компанияның таза табысы 64 млрд теңгені құраған. Кен өндіруден бастап, дайын өнім алуға дейінгі толық циклді өндіріске ие корпорация Владимир Ким мен Эдуар Огайдың меншігінде.

Рейтингтің үшінші сатысына кәсіпкен Нұрлан Смағұловқа тиесілі «Астана Моторс» компаниясы көтерілген, былтыр төртінші орында тұрған еді. 2024 жылы 1,18 трлн теңге көлемінде кіріс алғанымен таза пайдасы нақты көсетілмеген.

Qarmet биыл 752,7 млрд түсіммен төртінші орынға жайғасты. Компанияның иесі – Forbes тізіміндегі ең бай адамдардың бірі – Андрей Лаврентьев. Теміртаудағы металлургиялық комбинат пен шахталарды басқаратын Qarmet өнімін шақты елге экспорттайды.

Былтыр ірі компаниялар тізімінде үшінші орында болған «Қазхром» биыл рейтингтің бесінші сатысына төмендепті. Хром және марганец кенін өндіру, байыту және өңдеумен айналысатын «Казхром» Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) құрамына кіреді. Ал ERG-нің өзі Қаржы министрлігіне, Ибрагимовтар отбасына, марқұм Александр Машкевичтің мұрагерлеріне және Патох Шодиевке тиесілі.

Айдын Рақымбаев, Бауыржан Исабаев пен Асхат Омаров сынды кәсіркерлер құрған BI Group холдингі де бір саты төмен сырғып, 6-орында тұр. 979 млрд теңге түсім алған

Сонымен қатар Orbis Auto да тізімде 7-орыннан 9-шы орынға сырғыған. Orbis Auto-ның иелері – Фаррух пен Сухраб Махмұдовтар, олар Forbes тізімінде 27-орында тұр.

Тізімдегі ТОП-ондықтағы үш компанияның позициясы жоғарылаған. Олар: «Magnum Cash & Carry, «Соколов-Сарыбай» кен байыту комбинаты мен «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясы.

Сондай-ақ оқыңыз