«Қайрат» – «Олимпиакос»: грекиялықтар Астанаға ұшып келді
Жарияланды

Грекиялық «Олимпиакос» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясында алматылық «Қайратпен» ойнау үшін Астанаға ұшып келді.
Ойын ертең, «Астана Арена» стадионында сағат 20:30-да басталады. Қонақтар құрамында танымал футболшылар – Мехди Тареми, Айюб Эль Каби, Ортега және Мартинш бар.
Матч бастапқыда «Қайраттың» өз алаңында өтуі тиіс болған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты клуб ойындарды уақытша Астанаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
Ойын билеттері Freedom Ticketon сайтында сатылымда. «Қайрат» футбол клубы Алматыдағы бағалармен салыстырғанла бағаны айтарлықтай төмендеткен еді.