Қазақстанда авиабилеттерді кері қайтару мүмкіндігі іске қосылмақ

Қазақстанда әуе билеттерін қайтару мүмкіндігі толыққанда енгізу және авиакомпанияларға қойылатын талаптарды қатаңдатуға тиіс түзетулер дайындалуда. Құжатты мәжіліс қарайтыны туралы тікелей эфирде депутат Мұрат Әбенов айтты.
Оның айтуынша, өзгерістер әуе және теміржол билеттерінің бағасын бақылауға да әсер етеді.
«Біз заң қабылданғанша күтеміз, содан кейін талаптарды күшейтеміз, тексереміз. Қайтарылмайтын билеттерді біз толығымен алып тастадық. Бұрын авиакомпания өз құнының 30%-ын сақтап қалатын, енді біз оны 10%-ға дейін төмендеттік», – деді ол.
Сондай-ақ, Әбенов авиатасымалдаушыларға қатаң бақылау жүргізілетінін атап өтті. Оның ішінде сапасыз немесе уақтылы қызмет көрсетпегені үшін айыппұлдарды қатаңдату жоспарлануда.
Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, Қазақстанда лоукостерлердің ұшу құны негізсіз жоғары болып тұр.
«Мысалы, Қызылордаға әдеттегі рейстер жоқ, тек лоукостер. Бірақ оның бағасы – шамамен 40 мың теңге. Еуропада олар [лоукостерлермен ұшу] шамамен 10-12 мың теңге тұрады. Біз қазір заң қабылдаймыз және одан әрі жұмыс істейтін боламыз», – деді Әбенов.
Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуе тарифі кейінгі 10 жылда баға бір-ақ рет, яғни биыл ғана көтерілгенін айтқан еді.