Құтқарушылар алматылықтарға тауға бармауға кеңес береді

8 желтоқсанда тауда қар, жауын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдай департаменті алматылықтарға ескерту жасады.
Құтқарушылар тұрғындар мен қала қонақтарына тауға бармауға, ал барған болса күн жарықта ертерек қайтуға кеңес береді. Ауа-райы нашарлаған сайын бағыттан адасып қалу қаупі бар.
Ал автокөлік иелерінің машинасын тал астына қалдырмағаны, сондай-ақ әлсіз бекітілген темір құрылымдардың астында тұрмаған дұрыс.
Ауа райының суытуына байланысты құтқарушылар пеш мұржаларының дұрыс жұмыс істеуін қадағалауға және электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге шақырады.
Қала ішінде де ауа температурасы күрт төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін. Мамандар тұрғындардан жол жағдайын ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Синоптиктер болжамынша, апта басында Алматы мен Астанада қатты аяз болуы мүмкін.