«Қытайдан қорықсақ, айға немесе Марсқа көшіп кетейік» – Берік Уәли

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Абай облысының әкімі Берік Уәли мен қытай инвесторлары меморандум қабылдады / фото: Абай облысы әкімдігі
Абай облысының әкімі Берік Уәли мен қытай инвесторлары меморандум қабылдады / фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәли тұрғындармен өткен кездесуде Қытайдан келген азаматтар мен инвесторлар мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Кездесу барысында Аягөз қаласының тұрғындары қонақүйлерде «қытайлар көбейіп кетті», «қайда барсақ та қытай азаматтары жүр» деп шағымданған. Әкімнен шетелдіктердің аймақта не себепті көбейіп жатқанын сұрап, алаңдаушылық білдірді.

Өз кезегінде Берік Уәли бұл мәселені эмоциямен емес, экономикалық тұрғыдан қарау керектігін айтты. Оның сөзінше, шетелдік, соның ішінде қытайлық инвесторларға үрке қараудың қажеті жоқ.

Бүгінде әлемнің көп бөлігі Қытайдың инвестициясына мұқтаж. Біз мұндай мүмкіндіктерден өз еркімізбен бас тартпауымыз керек, — деді облыс әкімі.

Әкімнің «егер Қытайдан қорықсақ, айға немесе Марсқа көшіп кетейік» деген сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Сондай-ақ оқыңыз