Астанада бұрынғы Cinema City ғимараты өртенді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Cinema City ғимараты өртенді Астана
Астанадағы дәмхана өртенді / фото: ТЖМ

8 желтоқсанда таңертең Астана қаласында бұрынғы Cinema City ғимараты өртенді. Бұл туралы Kursiv.Media Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Министрлік елоданың Байқоңыр ауданында Амангелді Иманов көшесінде орналасқан ғимарат өртеніп жатқанын таңертең сағат 08:54-те хабарлады. Бір сағаттан аз уақыттың ішінде құтқарушылар өртті толық сөндіргені мәлім болды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Нақтыланған мәлімет бойынша, жеке тұрған бір қабатты дәмхана мен оның сыртқы қаптамасы өртенген. Соның салдарынан ғимарат маңында тұрған бір жүк автокөлігі зардап шеккен.

Кезінде осы ғимаратта Cinema City орналасқан еді. Қазір онда дәмхана жұмыс істейді.

Cinema City ғимараты өртенді Астана
фото: ТЖМ
Сондай-ақ оқыңыз