Түркістанда көшеде төбелескен басқарма басшысы жұмысынан қуылды

Жарияланды
Түркістанда көшеде төбелескен басқарма басшысы жұмысынан қуылды
Түркістанда көшеде төбелескен басқарма басшысы жұмысынан қуылды / фото: видео кадры

Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұл қызметінен босатылды. Мұндай шешімге әдеп жөніндегі кеңес келген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде басқарма басшысы көшеде әлдебіреумен ерегісіп, төбелескен видео тарап, қызу талқыға түскен еді.

«Көпшіліктің назарына ілінген оқиғаның қатысушысы Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұлға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағының 4), 5) тармақшаларының және 10-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін «атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды» делінген облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің хабарламасында.

Шешім 5 желтоқсан күні шыққан. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілген.

Бұған дейін, Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясы президенті ретінде өкілеттігін тоқтатқан.

Сондай-ақ оқыңыз