Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жәнібек Әлімханұлы
фото: kursiv.media архиві

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне арнап маңызды мәлімдеме жасады. Бұл жазба спортшыға қатысты соңғы күндері тараған допинг дауынан кейін пайда болды.

«Мен қазақ үшін жаны ауыратын жанкүйер жинаппын» – Жәнібек

Спортшы өзінің мансабында ең қуанатыны – ешқашан «жаман ниеттегі» жанкүйер жинамағаны екенін айтты:

«Менің бір қуанататыным, бокс мансабымда жаман жанкүйер жинамаппын! Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын!»

Әлімханұлының айтуынша, нағыз жанкүйер тек жеңіс кезінде емес, қиын сәтте де қолда көрсететін адам.

«Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен! Бұл түсіне білгенге спортшы үшін үлкен бақ!»

«Шетелдіктер дауға қуанғанда, өз халқым қасымнан табылды»

Спортшы өзіне қолдау білдірген барша жанкүйерлер мен спортшыларға алғыс айтты. Оның сөзінше, шетел басылымдары мен жанкүйерлері шу шығарған кезде, өз елі бірден қолдау көрсеткен.

«Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазақғам оларға қосылмай, жатқа жығылмай, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен!»

Еске сала кетейік, чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке іліккен еді. Жәнібек өз есімін тазарту үшін барлық қажетті заңды қадамдардың жасалып жатқанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз