
Qarmet 2025 жылғы 8 желтоқсанда жаңа даму кезеңінің екі жылдығын атап өтіп отыр. Бұл – компанияның технологиялық жаңғыру және өндірістік әлеуетін күшейтуі үшін шешуші кезең. Осы уақыт аралығында тау-кен металлургия кешені процестерді тұрақтандырудан кең ауқымды жаңғыртуға өтіп, даму бағдарламасын елдің өзекті өнеркәсіптік басымдықтарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қойған міндеттермен үйлестірді.

Компания жетістіктері
Бұл екі жыл компания үшін қарқынды өсім кезеңі болды. Құрыш болат өндірісі 22%-ға, көмір концентратын шығару 26%-ға, ал темір кені концентраты өндірісі 32%-ға артты. Компания жөндеу бағдарламасын кеңейтіп, өндірістік тізбектің аса маңызды учаскелерін қалпына келтірді, жабдықтар мен коммуникация желілерін жаңғыртты. Бұл қадамдар өндіріс жұмысын тұрақтандырып, ірі жобаларға негіз болмақ.

Металлургиялық комбинатқа газ жүргізу жұмысының бірінші кезеңін аяқтау – өнеркәсіптің экологиялық трансформациясындағы ең маңызды жетістіктің бірі. Домна өндірісі кейінгі онжылдықтар ішінде алғаш рет толықтай табиғи газға көшіп, бұл қоршаған ортаға тиетін залалды айтарлықтай азайтты. Комбинаттың басқа цехтары да кезең-кезеңімен газға қосылады.

2025 жылы еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген. Компания шахталары қызметкерлердің қай жақта жүргенін нақты анықтайтын заманауи жүйелер, жерасты мен жерүсті процестерін біріктіретін жаңартылған цифрлық диспетчерлік құрылғылармен жабдықталды. Бұл шаралар нақты уақыт режимінде жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп, өндірістегі қауіп-қатерді айтарлықтай азайтты. Биыл компания өндірістік медицинаны қайта жандандырып, Қарағанды қаласында кеншілерге арналған ем-диагностикалық орталық ашты. Онда салалық қызметтер тегін көрсетіледі.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов маусым айында кәсіпорынға барған сапарында атқарылған шаруалардың маңызын атап өтіп, компания қол жеткізген жетістікке баға берді:
«Қазір жаңа инвестор жаңғыртуға қомақты қаржы салып жатыр. Шахтада бейнебайланыс, газ және сейсмикалық датчиктер, шахтёрлерды анықтау жүйесі енгізіледі. Жеке апат белгісі немесе бейнебайланыс сынды қарапайым дүниелер бұрын мүлдем болмаған», – деді Үкімет басшысы.

Биыл цифровизацияға басымдық берілді: өндіріске өнеркәсіптік сараптама жасалып, жасанды интеллект және цифрлық модельдеу енгізіліп жатыр. Жабдықтар предиктивті бақылауға көшіріліп, технологиялық процестерді онлайн-мониторинг жасау жүйесі кеңейтіліп, негізгі агрегаттардың цифрлық баламасы жасалады. Бұл апатты азайтып, өндіріс тиімділігін арттырып, әрі қарай жүйелі жаңғыртуға қажет технологиялық негіз қалыптастырады.
Жаңа қуат пен мүмкіндік
2025 жыл ауқымды құрылыс жұмыстарының басталуымен есте қалмақ. Компания 65 жыл бойы пайдаланылған агрегаттардың орнын басатын №8-9 жаңа кокс батареяларын салуды бастады. Олар жылына 1,5 млн тонна құрғақ кокс өндіруге мүмкіндік береді. Ұзақ күткен көмірхимия жобаларының іске қосылуы да – маңызды оқиға. Бұл бағытта 15-тен астам өнім түрін шығару жоспарланған. Сонымен қатар, ыстық мырыш жағу және полимерлі қаптау желісінің, сұрыптап-илейтін орнақтың құрылысы басталды. Бұл жобалар компанияға жоғары қосылған құнға ие металл өндіруге жол ашады.
Жаңа құю-илеу кешенін салу да жалғасып жатыр, ол болашақта премиум сегментке арналған болат шығарып, компанияның экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Өңдеу саласында да айтарлықтай жетістік бар. 2025 жылы 7 млн тоннадан астам өнім қайта өңделіп, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 8 млн тоннаға жетпек. Ауданы 40 мың шаршы метр болатын және тәулігіне 300 тоннаға дейін металл сынығын қабылдайтын жаңа алаң іске қосылды. Жол құрылысы мен басқа да салаларда қайталама шикізатты қолдану жөнінде жаңа келісім жасалды. Бұл экологиялық тұрақтылық пен экономикалық тиімділікті арттырады.
Адамдар мен аймақтар

Биыл компания болашақ кадрларын даярлайтын оқу корпусындағы жөндеу жұмысы аяқталды. Qarmet University қазіргі кезде қызметкерлердің кешенді оқуы мен кәсіби дамуына арналған алаңға айналды. Оқу корпусында өндірістік процестерді дәл модельдеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялы тренажёрлар орнатылды, бұл мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасайды.

Компания өңірлік бастамаларды да жүзеге асырып жатыр. Компания кәсіпорындары орналасқан қалаларда денсаулық сақтау, білім беру және спорт саласын қамтитын әлеуметтік жобалар қолға алынған. Мысалы, Қаражал қаласында құны 500 млн доллардан асатын даму бағдарламасы жалғасып жатыр. Бағдарлама аясында инфрақұрылым жаңартылып, жаңа фабрикалар іске қосылады.
Компания жұмыс берушілер ұлттық рейтингінде бірден 15 сатыға көтеріліп, тау-кен өндірісі саласында 7-орынға шықты. 2025 жылы кәсіпорын саладағы үздік digital-шешім үшін «Золотой Гефест» сыйлығын және «Парыз» конкурсында «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясын иеленді.

«Кейінгі екі жыл – үлкен өзгерістер уақыты. Біз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындап, қауіпсіздікті күшейтіп, өндірісті жаңғыртып, жаңа бағыттар ашып жатырмыз. Qarmet-тің басты капиталы – адамдар. Компанияның бүгінгі тұрақты өсімі – металлург, кенші, инженер, жөндеу қызметі және жоба мамандары сынды қызметкерлер еңбегінің жемісі. Біз Қазақстанға ұзақ жыл қызмет ететін болашақтың кәсіпорынын құрып жатырмыз», – деп атап өтті компания өкілдері.
2025 жыл Qarmet стратегиясының шынайы іске асқан кезеңіне айналды: жаңа нысандар құрылысы басталып, өндірістік көрсеткіштер өсіп, қауіпсіздіктің күшейіп, экологиялық шешімдер және әлеуметтік жобалар қолға алынды. Компания өз тарихына құрметпен қарай отырып, Қазақстанның берік «болат қаңқасын» қалыптастыра отырып, алға нық қадаммен ілгерілеп келеді.