Жұлдыз Әбдікәрімованың інісінің тойына Қайрат Нұртас әкесімен келді

Жарияланды 8 Желтоқсан 2025 12:45

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Алайда тойда Гүлзира Айдарбекова көрінбеді / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Алайда тойда Гүлзира Айдарбекова көрінбеді / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Жұлдыз Әбдікәрімова қайынәпке болдым деп сүйінші сұрады. Оның інісінің тойына Қайрат Нұртас пен әкесі Нұртас Айдарбеков келіп, ән шырқады.

Айсұлтан мен Ауржанның тойына қазақстандық жұлдыздардың дені төбе көрсетті. Оның ішінде «Музарт» әншісі Кенжебек Жанәбіл, Тұрар Ыдырыс және басқа әншілер де бар.

«Қайын әпке болдым. Келінімді артық мазаламауға, шексіз жақсы көруге және шектен шықтауға уәде бердім», – деп жазды актриса.  

Тойда Жұлдыз Әбдікәрімова жастарға бақыт тілеп, әке-шешесін көптен күткен тойларымен құттықтады.

«Екі жасқа тілерім, махаббаттарың баянды болсын! Көтерген шаңырақтарың берік болсын!», – деп тілек айтты.

Қайрат Нұртас та Айсұлтанға жүрекжарды тілегін айтты.

«Айсұлтан, сен осы отбасындағы ерекше жансың. Мен сені қатты жақсы көремін. Екеуіңе барлық жақсылықты тілеймін», – деді Қайрат Нұртас деп ең танымал «Сені сүйем» деген әнін орындап берді.

Әкесі Нұртас Айдарбеков те осы тойға жиналған эстрада жұлдыздарының көптігіне қарамастан, еш қысылмай «Құда мың жылдық» деген дәстүрмен бір ән салып берді.

Тойда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бидің түбін түсірді. Десе де, бұл тойда Гүлзира Айдарбекова көрінбеді.

Мұның алдында актриса жалдамалы пәтерде бес жыл тұрып келгенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз