Анарбеков – УЕФА нұсқасы бойынша үздік ойыншы
Жарияланды

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА нұсқасы бойынша «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының үздік ойыншысы атанды.
«Матчтың үздік ойыншысы болып Темірлан Анарбеков танылды. УЕФА-ның техникалық бақылаушылар тобының айтуынша, оның көптеген сейвтері Олимпиакостың үлкен жеңіске жетуіне жол бермеді», – деп жазды УЕФАның ресми ақпарат көзі.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Астана аренада өткен Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі ойында грекиялық «Олимпиакос» футбол командасына есе жіберіп, 0:1 есебімен жеңілді. Мачтағы жалғыз голды 73 минутта «Олимпиакостың» шабуылшысы Желсон Мартинш салды.