
Қазақстандық прокатта рекорд жаңартқан «Аңдар шаһары 2» мультфильміне халық әлі де барып жатыр. Freedom Ticketon ұсынған мәліметке сәйкес, туынды екінші аптада 818 млн теңге жинап, отандық көрерменнің айрықша қызығушылығына ие болып отыр.
Фильмнің алғашқы аптасы бұрын-соңды болмаған нәтижемен аяқталған еді:
989 млн теңге бұл Қазақстан тарихындағы ең жоғары старттық көрсеткіштердің бірі.
Екінші аптадағы көрсеткіш те айтарлықтай жоғары, әрі жиналған қаржы көлемі анимациялық фильмге деген тұрақты қызығушылықтың сақталғанын дәлелдейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Аңдар шаһары 2» мультфильмі қазақ тіліне де дубляждалған еді. Қазақ тіліндегі нұсқасы 10 күнде 270 млн теңге табыс тапты.