Астаналық кей оқушылар онлайн оқиды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
онлайн оқу, қашықтан оқу, қашықтықтан оқу, школьники на дистанционке
Астаналық оқушылар онлайн оқиды / Фото: shutterstock,

Астанада 10 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үйден оқитын болады. Мұндай шешім ауа-райының нашарлауына байланысты қабылданды. 10 желтоқсанда елордада қар, тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2025 жылғы 10 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» еліміздің көптеген өңірлерінде 10 желтоқсанға дауылды ескерту жариялады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында синоптиктер қар, боран, көктайғақ, желдің күшеюін, жекелеген аудандарда – қалың қарды болжайды. Елдің қалған аумағында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз