Автобус жылқыны қағып, жүргізуші майысқан кабинада қысылып қалған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жолаушылар зардап шекпеген / фото: shutterstock
Жолаушылар зардап шекпеген / фото: shutterstock

Автобус жылқыны қағып, жүргізуші майысқан кабинада қысылып қалған. Құтқарушылар жолаушылар автобусының жүргізушісін құтқарды.

112 kz ақпаратына қарағанда, оқиға бүгін түнде Түркістан облысы Тоқсансай ауылының маңында, республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 33-ші шақырымында болған.

 «Алматы-Қызылорда» бағытымен келе жатқан жолаушы автобусы кенеттен жолдың жүру бөлігіне шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Нәтижесінде жүргізуші кабина ішінде қысылып қалған», – делінген ақпаратта.

Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жеткен. Арнайы құралдардың көмегімен жүргізушіні босатып, ауруханаға жатқызу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Алайда, жолаушылар зардап шекпеген.

Айта кететін жайт, кеше Ақтөбеде автобус аударылып, бес адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз