
Бұрын Jusan Bank-ке иелік еткен Jusan Technologies Ltd директорларының бірі, Ұлыбритания азаматы Лорд Дэвид Эванс қазақстандық банктің активін сатуды мақұлдағаны үшін 1 млн доллар пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды The Guardian.
Мәселенің мәні
Ұлыбритания мен АҚШ сотында Қазақстанның бұрынғы вице-премьері Ербол Орынбаевтың Эвансқа және есімдері аталмаған басқа екі директорға қарсы талаптары қаралады. Сот құжаттарына сәйкес, үшеуі де Jusan қорының активтерін қазақстандық бизнесменге сату жөніндегі мәміле шеңберінде кемінде 1 млн доллар алды деген болжам бар. Сонымен қатар, Эванс мәмілені мақұлдағаны үшін 250 мың доллар жалақы және бонус ретінде жүздеген мың долларға қосымша төлем алды деген күдік бар.
Орынбаев атап өткендей, активтер олардың нақты құнынан «аз қаржыға» сатылды. Активтердің құны шамамен 1,6 миллиард долларды құрады, бірақ оларды тек 75 миллион долларға сатты.
Жауапты азаматтар бұған келіспейді
Эванс және басқа Jusan директорлары Орынбаевтың талабын толығымен қабылдамайды. Олардың өкілінің айтуынша, Орынбаевтың өзі JTL акцияларын пайдалы сата алмағанына наразы. Өкіл сот ісін екіжүзділік деп атап, Қазақстанның бұрынғы вице-премьері қазір «сыбайлас жемқорлық» келісімдері ретінде заңды мәмілелерге, реттеулерге және өтемақыларға шабуыл жасап жатқанын, бұл ретте өзі бұрын бұл құжаттарды толық қолдағанын атап өтті.
Жауап берушілер, сондай-ақ, 2022 жылы Қазақстан Үкіметі Jusan активтерін сот ісін жүргізу арқылы тартып алуға тырысып, оларды бұғаттап тастағанын атап өтті.
Британдық сот талапқа күмән келтірді
Ұлыбританияда өткен процестің судьясы Орынбаевтың өтінішіне күмән келтірді. Оның айтуынша, бұрынғы шенеунік өзінің айыптауларын растайтын біржақты және толық емес дәлелдер келтірген. Оның пайымдауынша, ең көп дегенде активтердің құны максимум 150 млн долларды құрайды.
Лорд Дэвид Эванстың Лордтар палатасы бұқаралық ақпарат құралдарында сот ісі туралы мәлімет жарияланғаннан кейін ережелерді бұзғаны үшін бес айға қызметінен босатты. Сонымен қатар. ол Еңбек партиясының партиялық ұйымдастырушысы қызметін тоқтатты.
Банк тарихы
Jusan Bank 1992 жылы Цеснабанк деген атпен құрылған. Банк ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі және Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы (2016 жылдан 2018 жылға дейін) Әділбек Жақсыбековпен байланысты болды, оның отбасы «Цесна» корпорациясына иелік етті.
25 жыл бойы Цеснабанк активтерді жоспарлы түрде ұлғайтты (2014 жылы олардың көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты) және серіктестік қатынастарын кеңейтті. 2018 жылдан кейін ол First Heartland Securities (FHS) компаниясына ауысып, атауын Jusan Bank деп өзгертті. 2021 жылдың қыркүйегінде АТФБанк те Jusan Bank бақылауына өтті.
2020 жылға дейін FHS Pioneer Capital Invest арқылы үш қорға тиесілі болды: «Даму Қоры», «Әлеуметтік даму қоры» (Қазақстан Үкіметінің Аппараты бақылайды) және «Назарбаев қоры», оның негізін қалаушы және пайда алушысы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды.
2020 жылы Pioneer Capital Invest FHS акцияларының 99,7% бірнеше инвестициялық қорлардағы пайларды және британдық Jusan Technologies пайдасына 10 миллион фунт стерлингті тапсырған мәміле жасады. Оның соңғы бақылаушысы американдық эндаумент New Generation Foundation болды.
Jusan Bank-тің шетелдік бақылауға өтуі туралы келісім бірқатар танымал сот процестеріне себеп болды. 2023 жылғы 6 ақпанда Алматы прокуратурасы Jusan тобының активтерін қазақстандық юрисдикцияға қайтаруды және Pioneer Capital Invest пен британдық Jusan Technologies арасындағы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етіп, талап арыз берді.
Жоспар бойынша, үш қордың пайдасы (бір қормен ауыстырылған) Назарбаев Университеті мен НЗМ-ны қаржыландыруға бағытталуы керек еді, алайда Бас прокуратураның мәліметінше, New Generation Foundation тобы міндетін орындамаған.
Бұған жауап ретінде американдық Jusan Holdings активтерді қайтаруды тоқтату үшін Невада сотына қарсы іс қозғады. 2023 жылдың маусым айында процесс аяқталды: Jusan Bank және оның еншілес компаниялары Қазақстанның бақылауына қайтарылды. Активтер Назарбаев қорына емес, First Heartland Securities арқылы 77,86% акция алған Ғалымжан Есеновке берілді, тағы 19,67% оған тікелей тиесілі болды.
2025 жылы кәсіпкер Вячеслав Ким Jusan Bank-ті Есеновтен сатып алды, кейінірек ол Alatau Сity bank болып өзгертілді.