Денсаулыққа пайдалы ішімдік анықталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шарап қабынуды басып, қан тамырларын кеңейтеді және қан ағымын жақсартады / фото: KursivMedia мұрағаты
Шарап қабынуды басып, қан тамырларын кеңейтеді және қан ағымын жақсартады / фото: KursivMedia мұрағаты

Ғалымдар денсаулыққа пайдалы ішімдікті анықтады. Ол  шарап екен. Бұл ішімдікті орта мөлшерде тұтыну ағзаға оң әсер етеді.  

The Guardian ақпаратына қарағанда, аталған сусын «жаман» холестерин деңгейін төмендетуге, жүрек пен қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға, сондай-ақ қан айналымын жақсартуға көмектеседі. Мұны зерттеу нәтижесі көрсетіп отыр.

Негізгі себеп – шарап құрамы. Олар қабынуды басып, қан тамырларын кеңейтеді және қан ағымын жақсартады. Соның нәтижесінде қан айналым жүйесі икемдірек жұмыс істейді.

Дәрігерлер, әсіресе. қызыл шарапты ерекше атайды. Өйткені, оның құрамында жүректің саулығын қолдайтын ресвератрол заты мол.

Сарапшылар «ем болатын мөлшерді» де талқылап жатыр. Ол айына 20 шыныаяқ шараптан артық болмауы тиіс.

Мұның алдында Қырғызстанда жыл сайын 2,5 мың адам арақтан өлетіні туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ оқыңыз