
Алматыдағы Mega Alma-ata және Mega Park сауда, ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады. Қала полициясының хабарлауынша, нысан ішіндегі азаматтар бірден эвакуацияланды.
Ал ғимаратты арнайы мамандар тексерді.
«Екі нысан бойынша жедел қызметтердің қатысуымен кешенді комиссиялық тексеру толық көлемде жүргізілді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы анықталмады, нысандар қалыпты режимінде жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар полиция жалған хабарлама жіберген адамды анықтап жатыр. Ол Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.