Қазақстандықтар үшін Еуропаға виза аларда тапсыратын құжат саны азаяды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Виза аларда тапсыратын құжат саны мен қаражат көлемі азаяды/фото: shutterstock

Қазақстандықтар үшін Еуропалық одақ елдеріне виза алу жеңілдейді. Бұған дейін Брюссельде Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуропалық одақтың жоғары өкілі Кая Каллас кездесіп, виза режимін жеңілдету келіссөздерін бастады.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, келешекте виза алу үшін тапсыратын құжат саны мен төлейтін қаражат көлемі азаяды.

«Еуропалық одаққа бірнеше мемлекет кіреді. Олар ұжымдық келісімге келуі керек. Біз өз тарапымыздан барлық уағдаластықты орындап жатырмыз. Елдің қауіпсіздігі, көші-қон саясаты, еңбек визасы секілді барлық мәселені қамту керек. Мұның бәрі бір-екі раундта келісе салатын дүние емес.

Қазір Еуропалық одақ елдеріне виза алу кезінде 20-30 құжат тапсыру қажет. Сол тізімді азайтамыз. Виза алу үшін төлейтін қаражат көлемін азайтамыз», – дейді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еурокомиссия вице-президенті Кая Калласпен кездесіп, Еуропаға виза алуды жеңілдету жұмыстары басталғанын жариялады

Сондай-ақ оқыңыз