
Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар іске қосылады. «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша рейстер 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша пойыздар қай бағыттарда қосылады
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматыдан жолға шығады: 2025 жылдың 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсаны және 2026 жылдың 2, 4 қаңтары.
Астанадан жолға шығады: 2025 жылдың 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсаны және 2026 жылдың 3, 5 қаңтары.
№203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
Астанадан жолға шығады: 2025 жылдың 20, 23, 26, 29 желтоқсаны және 2026 жылдың 2 қаңтары.
Шымкенттен жолға шығады: 2025 жылдың 22, 25, 28, 30 желтоқсаны және 2026 жылдың 4 қаңтары.
№257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
Ақтөбеден жолға шығады: 2025 жылдың 20, 23, 26, 29 желтоқсаны және 2026 жылдың 2 қаңтары.
Астанадан жолға шығады: 2025 жылдың 22, 24, 28, 30 желтоқсаны және 2026 жылдың 4 қаңтары.
«Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар, сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қолжетімді болады», – делінген ақпаратта.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады.