Түркістан облысында бас дәрігер 115 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Күдікті Астанадан екі бөлмелі пәтер сатып алған/фото: Делия Айдаралиева

Түркістан облысында бас дәрігер медициналық жабдық сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл әрекеті салдарынан мемлекетке 115 млн теңге шығын келген.

Қаржы мониторингі агенттігі ақпаратына сәйкес, «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алды ұйымдастырған. Алайда оны бірнеше бөлікке бөліп, келісімшарттар жасасқан. Ол бұл іске медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан.

Тіпті туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған.

Жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген.

Ауруханадан компания есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер қаражатты қолма қол ақшаға айналдырып, өзара бөлген.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке арест қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз