2026 жылы АЕК пен ең төменгі жалақы қандай болады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
АЕК
2026 жылы АЕК қанша болады / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2026 жылы Қазақстандағы айлық есептік көрсеткіш 393 теңгеге өсіп, 4325 теңге болады. Ал ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалып, 85 мың теңгені құрамақ. Бұл жөнінде «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңда жазылған.

Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 35 596 теңгені құраса, ең төменгі зейнетақы қазіргі 62,7 мың теңгеден 69 049 теңгеге дейін өседі.

1 қаңтардан жасына байланысты зейнетақы төлемдері және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы 10 пайызға артады.

Заңға сәйкес, ең төмен күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болып белгіленді. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 46 мың теңгеден сәл асқан.

Кіріс пен шығыс қандай

2026 жылғы республикалық бюджеттің жалпы кірісі 22,9 трлн теңгені құрайды. Оның негізгі бөлігі – 18,9 трлн теңге салықтан жиналады.

Бюджетке салықтық емес түсімдер көлемі 330,7 млрд теңге, ал негізгі капиталды сатудан түсетін кіріc 2,2 млрд теңге мөлшерінде жоспарланған.

Арнаулы түсімдер бойынша түсімдер 20,4 млрд теңгеге бағаланған. Бюджеттік кірістің тағы бір ірі бөлігі – трансферттер, олардың жалпы сомасы 3,65 трлн теңгені құрайды.

Ал бюджет шығыны 26,3 трлн теңге мөлшерінде белгіленді.

Бюджет тапшылығы – 4,59 трлн теңгені, яғни ЖІӨ-нің 2,5 пайызын құрайды. Мұнайға қатысты емес тапшылық бұдан жоғары: -9,06 трлн теңге, немесе ЖІӨ-нің 4,9 пайызы деңгейінде белгіленді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш заңға 2025 жылдың 8 желтоқсанында қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз