10 айда ақылы жолдардан 79 млрд теңге түскен

2025 жылдың он айында ақылы жолдар арқылы бюджетке 79 млрд теңге көлемінде түсім түскен. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.
Жалпы көлік секторында өсім байқалады: көлік қызметтерінің көлемі 20,7 пайызға, саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар 18,4 пайызға артқан. Ал транзиттік жүк көлемі 29,4 млн тоннаға жетіп, 5 пайыздық өсім тіркелген. Бұл көрсеткіштер саланың экономиканың өсу драйверлерінің біріне айналғанын дәлелдейді.
Автомобиль жолдары бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл 13 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарына қамтылған.
Министр республикалық маңызы бар жолдардың 93 пайызы нормативтік талаптарға сай деп тұжырымдайды. Сонымен қатар 2027 жылдың соңына дейін ішкі шекарадағы 37 өткізу пунктін модернизациялау жоспарланып отыр.
Жол сапасын арттыруда цифрлық шешімдер негізгі рөл атқарады. Салада 12 ақпараттық жүйе жүйелі түрде жұмыс істейді, ал vемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, e-Joldar аясында жолдардың цифрлық паспорттары әзірленіп жатыр. Ол пилотсыз көліктерді енгізге мүмкіндік береді
Жасанды интеллект көмегімен жүргізілетін Smart Road Diagnostic System жүйесі жолдағы ақауларды 95 пайыз дәлдікпен анықтайды. Бұл 100 шақырымдық жолды төрт сағат ішінде диагностикалауға мүмкіндік береді.