
«Қазақстан темір жолы компаниясының» (ҚТЖ) акциялары ақыры 2026 жылы IPO-ға шығатын болды. Бұл туралы компания басшылары үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты. ҚТЖ акцияларын биржаға орналастыру 2023 жылға жоспарланған еді. Кейін бұл мерзім 2025 жылдың соңына шегерілді.
ҚТЖ төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Дайыр Көшеровтің айтуынша, қазір компанияның кредит портфелі 3,7 трлн теңгеге жеткен. Жыл басында компания қарызы 3,9 трлн теңге болған. 11 айда қарыз азаюдың орнына, көбейіп кеткен.
«Біздің компания келер жылы IPO-ға шығуды жоспарлап отыр. Қазір біздің кредиттік портфеліміздің көлемі 3,7 трлн теңгені құрайды» – деді ол.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі компания өз акцияларын бір уақытта Лондон қор биржасы мен Қазақстан қор биржасында орналастыруы мүмкін екенін жазған. Компания акцияларының 20 пайызын сатылымға шығаруы ықтимал.
«Қазақстан темір жолы» компаниясынының жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры.