«Қайрат» Астанада «Олимпиакосқа» есе жіберді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қайрат - Олимпиакос
«Қайрат» Астанада «Олимпиакосқа» есе жіберді / Фото: Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» Астана аренада өткен Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі ойында грекиялық «Олимпиакос» футбол командасына есе жіберіп, 0:1 есебімен жеңілді.

Мачтағы жалғыз голды 73 минутта «Олимпиакостың» шабуылшысы Желсон Мартинш салды.

Турнирдегі жағдайға келсек, осыған дейін «Қайрат» бес ойында бір ғана ұпайға ие болған. Яғни қазақстандық клуб кипрлік «Пафоспен» (0:0) тең ойнап, қалған төрт матчта жеңіліс тапты. Атап айтқанда, «Спортингтен» – 1:4, «Реалдан» – 0:5, «Интерден» – 1:2 және «Копенгагеннен» – 2:3 есебімен ұтылды.

Ал грек клубы «Олимпиакос» үшін «Қайратпен» ойындағы жеңіс үшінші ұпай болмақ. Бұған дейін «Пафоспен» (0:0) және нидерландтық ПСВ клубымен (1:1) тең түсіп, «Арсеналға» (0:2), «Барселонаға» (1:6) және «Реалға» (3:4) жол берген. 

Айта кетейік, осыған дейін «Қайрат» U19 жастар командасы УЕФА Жастар чемпиондар лигасы аясында Олимпиакос U19 ұжымына қарсы матчта сенімді жеңіске жеткен. Кезедесу 2:0 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз