
Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде алғаш рет өзінің қызымен түскен видеосын жариялады.
Жарияланған видеода Қайрат жаңа туған қызын қолына алып, маңдайынан сүйіп тұрған сәт көрінеді. Әнші жазбаға:
«Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным» деп қысқа ғана мәтін қалдырған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалықты ерекше жылы қабылдап, пікірлерді жаудыра жазып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова қызының атын не себепті Рәбиә Сұлтан деп қойғанын жазған еді.