2027 жылы Қазақстанда жүргізушісіз жүретін жүк көліктері іске қосылуы мүмкін

Екі жылдан кейін елде жүргізушісіз жүк көліктері пайда болуы мүмкін. Бұл жайлы үкімет отырысынан кейін өткен брифингте көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.
«Жаңа зерттеулер бойынша, 2036-2040 жылдарға қарай жүк көліктері жанармайсыз, тоқпен жүруі мүмкін. Екіншіден, олар автопойыз сияқты пайдаланылады. Яғни жүргізушісі болмайды және едәуір ұзарады. Әлемде жүргізушісі таксилерді пайдаланып жатыр, жүк көліктерінің пилотсыз режимге ауысуы да алыс емес. Бізде жол салғанда осыған бейімдейміз. Яғни Қазақстан аумағында жүргізушісі көліктер жүруі үшін арнайы сенсорлық құрылғылар орнатылатыдай салынады», – деді ол.
Қазір транспорт министрлігі ЕАЭО елдерімен ортақ пилоттық жобаны бастауды талқылап жатыр.
«Қазір паспорттық бақылауға байланысты өткізу пункттерінде кезек болады. Егер ол жерде жүргізушісіз жүк көлігі болса, онда процесс жылдамдайды. Менің ойымша, егер 2027 жылы көршілерімізбен бірге үлкен пилоттық жобаны іске қоссақ, онда Қазақстанның транзиттік потенциалына үлкен күш болады», – деп атап өтті министр.
Жүргізушісіз жүк көлігінің артықшылығының бірі – ол жүк тасымалының құнын төмендетеді. Жүргізушінің жолақысына шығындалмайды. Әрі пилотсыз жүк көліктері тәулігіне 24 сағат қозғалады, ол тасымалды үш есе жылдамдатады. Экологиялық жағдай да жақсарады.
Осыған дейін Алатау мен Алматыда әуе такси жүйесі пайда болатынын жазған едік.